Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды

Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

2143789
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды

Вьетнам астанасы Ханойда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

Көпқабатты үйдің кіреберісіндегі электр велосипед дүкені түнде белгісіз себептермен өртеніп кеткен.

Ғимарат ені 2 метрлік тар көшеде орналасқандықтан, өртті сөндіру қызметінің жұмысын қиындатқан.

Шамамен 1 сағатта бақылауға алынған өртте 14 адамның қаза тауып, 6 адамның жараланғаны айтылды.

Вьетнамның Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында елде 1555 өрт пен жарылыс болған.

28 адам қаза тауып, 26 адам жараланған өрт пен жарылыстар шамамен 3,5 миллион доллар материалдық шығын әкелді.



Ұқсас жаңалықтар