Владимир Путин АҚШ-қа қатысты тиесілі активтерді өз пайдалануға рұқсат берді

Путин қол қойған жарлық елдің құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланды.

2143510
Владимир Путин АҚШ-қа қатысты тиесілі активтерді өз пайдалануға рұқсат берді

Ресей президенті Владимир Путин Ресейге немесе Ресей Орталық банкіне келтірілген залалды өтеу үшін Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) немесе АҚШ-қа қатысты компаниялар мен жеке тұлғаларға тиесілі активтерді өз елінде пайдалануға рұқсат берді.

Ресейдегі АҚШ активтеріне қарсы жасалуы мүмкін қадамдарды қамтитын Путин қол қойған жарлық елдің құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланды.

Осыған орай АҚШ-тан зардап шеккен құқық иелері Ресейдегі соттарға арыз бере алады және АҚШ пен АҚШ-қа қатысты компаниялар мен жеке тұлғалардың активтері анықталған зиянды өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Жарлық үкіметке АҚШ-та тыйым салынған ресейлік активтерге, соның ішінде Ресей Орталық банкіне тиесілі активтерге айырбас ретінде Ресейде пайдаланылуы мүмкін АҚШ активтерін анықтауға рұқсат берді.

АҚШ Сенаты 24 сәуірде Ресейдің тыйым салынған активтерін Украинаға жіберуді мақұлдаған болатын. Батыс  елдері Ресейге тиесілі шамамен 300 миллиард доллардың активтерін бұғаттадған еді.



Ұқсас жаңалықтар