Газа секторында тағы 17 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының шабуылында Газа секторында кемінде 10-ы бала болған 17 палестиналық қаза тапты.

2143439
Газа секторында тағы 17 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясының Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігін нысанаға алған шабуылында кемінде 10-ы бала болған 17 палестиналық қаза тапты.

Палестиналық «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі Газа қаласы мен Рафах қаласындағы екі үйге шабуыл жасады.

Израиль күштерінің Газа қаласының орталығындағы әл-Дерек ауданындағы бір үйді бомбалауы нәтижесінде кемінде 10 бала бар 16 палестиналық қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Рафах қаласында «әл-Шаир» отбасына тиесілі үй нысанаға алынуы салдарынан бір палестиналық қаза тапты.

Израиль әскери ұшақтарының Газа секторындағы Джибалия және Зейтун аудандарына жасаған әуе шабуылында балалар да бар кемінде 21 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Енді бір жағынан  Израиль армиясы екі күндік әскери шабуылдардан кейін басып алынған Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин қаласы мен Дженин босқындар лагерінен шегінді.



Ұқсас жаңалықтар