Газаға көмек жеткізілді

Бірақ жағармай кіргізуге рұқсат берілмеді.

2058851
Газаға көмек жеткізілді

Израильдің толсассыз шабуылдары астында қалған Газа секторына гуманитарлық жүк тиеген тағы 59 жүк көлігі жетті.

Палестина Қызыл жарты ай ұйымы мәселеге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Қызыл Жарты ай тобының кеше Рафах шекара қақпасына кірген Мысыр Қызыл Жарты Ай ұйымынан азық-түлік, су, көмек материалдары, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтары бар 59 жүк көлігін қабылдап алғаны атап өтілді.

Жүк көліктерінің 4-еуі Халықаралық Қызыл Крест комитетіне, 55 жүк көлігі Мысыр Қызыл Жарты Айынан Палестина Қызыл Жарты Айына жеткізілді.

Қазірге дейін Газаға кірген көмек көлігі саны 217-ге жетті. Бірақ әлі күнге жағармай кіргізуге рұқсат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар