Израильде аурухана шабуылында 500-ден астам адам қаза тапты

Израиль Газада әлемнің көз алдында жаңа қырғын жасады.

2052511
Израильде аурухана шабуылында 500-ден астам адам қаза тапты

Израиль Газада әлемнің көз алдында жаңа қырғын жасады.

Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын бомбалауы салдарынан алғашқы болжам бойынша 500 адам қаза тапты.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра Әл-Эхли баптистер ауруханасын нысанаға алған бомбалауда 500 адамның қаза тапқанын, қаза тапқандардың көпшілігінің сәбилер, балалар және әйелдер екенін атап көрсетті.

Израиль күштері Газа секторындағы Жибалия аймағы және Нусайрат босқындар лагеріне қоса Ярмук және Зейтун аумақтарына әуе және теңізден шабуылдар жасады. Газаның солтүстігіндегі үйлерге жасалған әуе шабуылынан тағы 30-ға жуық адам қаза тапты.

Нусайрат босқындар лагерінде наубайхананың нысанаға алынғаны және шабуылда кемінде 2 палестиналықтың қаза тапқаны хабарланды. Зардап шеккен наубайхананың басқа аймақтардан лагерьді паналаған палестиналықтарға нан пісіріп жатқаны білдірілді.

Газа секторының оңтүстігінде Хан Юнисқа жасалған шабуылда бір бала, барлығы үш палестиналық қаза тапты.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы сенбі күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын ауқымды бір шабуыл жасағанын хабарлаған еді. Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыранмен шабуылдаған қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге басып кірген болатын.

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағытталған «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар