Шольц: "Түркия біз үшін маңызды серіктес"

Германия канцлері НАТО Саммиті алдында Түркияның өздері үшін маңызды бір серіктес екенін мәлімдеді.

2009886
Шольц: "Түркия біз үшін маңызды серіктес"

Германия канцлері Олаф Шольц Түркияның өздері үшін маңызды бір серіктес екенін атап көрсетті.

Литваның бас қаласы Вильнюсте өткен НАТО саммиті алдында мәлімдеме жасаған Шольц соңғы Еуроодақ (ЕО) көшбасшылар саммитінде Түркия мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға шешімдер қабылданғанын еске салды.

Еурокомиссиясынан қарым-қатынастарды жақсарту үшін ұсыныстар мен есептер талап еткендерін айтқан Шольц «Мен осы жерде президент Ердоғанмен де сөйлесемін. Түркия біз үшін маңызды бір серіктес. Бұл болашақ қарым-қатынастарда да көрініс табады» деді.

Президент Ердоғанмен кездесуінде қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесінің талқыланатынын мәлімдеген Шольц Еуроодақтың Түркиямен ынтымақтастықты қайта бастауға қатысты тиісті шешімдер қабылдауға күш салып жатқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар