НАТО Қорғаныс министрлері бас қосты
НАТО-ға мүшелікке шақырылған Швецияның Қорғаныс министрі Пал Йонсон да Солтүстік Атлантикалық министрлер кеңесінің отырысына қатысты.
НАТО елдерінің Қорғаныс министрлері Бельгияның астанасы Брюссельдегі кездесуінің екінші күнінде бас қосты.
Бас хатшы Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы аясында өткен Солтүстік Атлантикалық кеңес отырысының ашылуында 11-12 шілдеде Литва астанасы Вильнюсте өтетін НАТО саммитіне дайындықты талқылайтындарын айтты.
Еуропалық қорғаныс жоспарларын қарастыратындарын айтқан Столтенберг қорғаныс өнеркәсібі өндірісіндегі артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін қадамдар басатындарын білдірді.
Столтенберг жаңа және өршіл қорғаныс инвестициялық міндеттемесін әзірлейтіндерін және осы аяда қорғанысқа бөлінетін жалпы ұлттық өнімнің кем дегенде 2 пайызы үшін түсіністіктің жасалуын күтетінін айтты.
НАТО-ға мүшелікке шақырылған Швецияның Қорғаныс министрі Пал Йонсон да Солтүстік Атлантикалық министрлер кеңесінің отырысына қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.