Боко Харамға қарсы операция

100-ден астам террорист өлтірілді.

1998856
Боко Харамға қарсы операция

Нигерияның Борно штатында террор ұйымы Боко Харамға қарсы әуе операциясында ұйымның 100-ден астам мүшесі залалсыздандырылды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, әскерилер Боко Харам мүшелерінің жиналысы кезінде Борно штатындағы Мандара тауына әуе шабуылын жасады.

Операцияда 100-ден астам террорист өлтірілді, көптеген террорист жаралы күйде қашып кетті.

Нигерияда 2000 жылдардың басынан бері бар террорлық ұйым Боко Харамның  2009 жылдан бергі жаппай зорлық-зомбылық әрекеттерінде 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

Елдің шекаралас көршілері Камерун, Чад және Нигерде де 2015 жылдан бері шабуыл жасаған террор ұйымының лаңкестіктерінде кемінде 2 мың адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар