Эквадорды сел басты
Оңтүстік Америка елі Эквадорда нөсерлі жаңбыр себеп болған су тасқынынан 15 мың адамның зардап шеккені білдірілді.

Оңтүстік Американың Эквадор елінде нөсерлі жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 15 мың адамның зардап шеккені хабарланды.
Эквадор баспасөзіндегі хабарға қарағанда елдің солтүстік-батысындағы Эсмерал қаласында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды.
Президенттік Байланыс Бас хатшылығынан жасалған мәлімдемеде су тасқынынан 15 мың адамның зардап шеккені, 842 адамның уақытша баспаналарға жеткізілгені, азаматтық қорғаныс топтары арқылы 1467 адамның құтқарылғаны білдірілді.
Мәлімдемеде қазірге дейін толассыз жауған жаңбыр салдарынан 2 мың 895 үйдің зақымданғаны және 1 айлық жауын-шашынның 12 сағатта жауғаны хабарланды.
Мәлімдемеде іздестіру-құтқару жұмыстарының үзіліссіз жалғасқаны, кейбір аймақтарда электр және ауыз су қызметтерінің тоқтап қалғаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар

Канадада жоғалған балалар
Үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.