Израильдің шабуылында 35 мың 173 адам қаза тапты
Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 173-ке жетті.
Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 82-ге артып, 35 мың 173-ке жетті.
Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің 221 күннен бері Газа секторында жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.
Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газаның түрлі аймақтарына жасаған шабуылдарымен 8 қырғын жасағаны, бұл шабуылдарда тағы 82 палестиналықтың қаза тапқаны және 234 палестиналықтың жараланғаны атап көрсетілді.
Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 35 мың 173-ке, жараланғандар санының 79 мың 61-ге жеткені баяндалды.
Мәлімдемеде үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдардың бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны да білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Үндістан радиацияға қарсы зымыранды сынақтан өткізді
Үндістан Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.
Әлем Израильдің Газадағы қырғынына наразылық білдіруде
Бельгияның астанасы Брюссельде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына наразылық шеруі өтті.