Путин Қытайға барады

Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.

2139450
Путин Қытайға барады

Ресей президенті Владимир Путин Қытайға ресми сапармен барады.

Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.

Кездесуде көшбасшылар жан-жақты серіктестік пен стратегиялық өзара іс-қимылға қатысты барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылайды. Ресей-Қытай практикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары белгіленетін кездесу барысында өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша да пікір алмасады.

Келіссөздер нәтижесінде мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, кейбір екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Путин мен Си екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуына және Ресей мен Қытай мәдени жылының ашылуының 75 жылдығына орай ұйымдастырылатын мерекелік кешке де қатысады.

Ресей лидері Путин Қытай премьері Ли Цзянмен кездесіп, сауда, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты талқылайды.

Путин сондай-ақ Хейлонцян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласына барып, 8-ші Ресей-Қытай ЭКСПО көрмесі мен Ресей-Қытай 4-ші аймақаралық ынтымақтастық форумының ашылу салтанатына қатысады.

Сонымен қатар Путин Харбин политехникалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар