Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда

Индонезия Ұлттық Апатпен күрес агенттігі елдегі соңғы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

2139436
Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда

Индонезияның Батыс Суматра уәлаятында Мерапи жанартауының атқылауы нәтижесінде жиналған жартастар, күл мен топырақ үйіндісінің муссондық жаңбыр себепті көшуі және су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті.

Ұлттық Апатпен күрес агенттігінің мәлімдемесіне қарағанда Батыс Суматрадағы су тасқыны мен көшкін салдарынан тағы 7 адамның мәйіті табылды.

Осы уақытқа дейін су тасқыны мен көшкін салдарынан 50 адам қаза тауып, 37 адам зардап шекті. Штат бойынша 3 мың 396 адам баспанасыз қалды, 27 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Осы уақытқа дейін су тасқыны мен көшкін салдарынан 50 адам қаза тауып, 37 адам зардап шекті. Штат бойынша 3 мың 396 адам босқынға ұшыраса, 27 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеу-құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Зардап шеккен аудандарда жылжымалы асханалар мен жылжымалы су тазарту қондырғылары орнатылды.

Индонезиядағы Суматра аралының батысында орналасқан Мерапи жанартауы алғаш рет 3 желтоқсан күні атқылаған еді. Жанартаудың басталғалы атқылауын жүздеген рет қайталауы себепті аймақ тұрғындарына атқылау орталығынан 4,5 шақырым радиусқа дейінгі аумаққа адамдардың кіруі немесе жұмыс істеуіне тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар