Путин Кремльде Қытайдың қорғаныс министрімен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин жексенбінің кешінде Қытайдың қорғаныс министрі Ли Шанфумен кездесті.

1975836
Путин Кремльде Қытайдың қорғаныс министрімен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай қорғаныс министрі Ли Шанфу екі елдің әскери саладағы ынтымақтастығын талқылады.

Ресей президенттік сарайы Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеде Путиннің министр Лиді ел астанасы Мәскеуде қабылдағаны білдірілді.

Мәлімдемеде Путин Ресей мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығына риза екенін баяндады.

Путин «Әскери бөлімдеріміз арқылы тиімді жұмыс істеп жатырмыз, біз үнемі пайдалы ақпаратпен алмасып, әскери-техникалық салаларда ынтымақтасамыз және бірлескен жаттығулар өткіземіз» деген сөздер қолданды.

Аталмыш жаттығулардың Қиыр Шығыс пен Еуропада құрлық, теңіз және әуе күштерінің қатысуымен өткізілгеніне назар аударған Путин «Күдіксіз, бұл жоғары деңгейде сенімге негізделген қарым-қатынастарымыздың стратегиялық сипатын күшейтетін тағы бір маңызды сала» деп көрсетті.

Кездесуде Ли Шанфуекі елдің әскери саладағы ынтымақтастығының артып келе жатқанын айтты.

Қытай қорғаныс министрі «Ресей мен Қытайдың әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастығы соңғы уақытта өте жақсы дамып келеді. Бұл жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке үлкен үлес қосуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар