Израильдің Ливандағы шабуылдары

Израиль армиясының өткен аптада Ливанда жасаған шабуылында жараланған бір адам қаза тап тапты.

2155779
Израильдің Ливандағы шабуылдары

Израиль армиясының өткен аптада Ливанда жасаған шабуылында жараланған бір адамның қаза тапқаны, бүгін жасалған шабуылда Хизбулла мүшесі бір азаматтық қорғаныс қызметкерінің жараланғаны айтылды.

Ливанның «NNA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда Израиль күштерінің өткен аптада Бергулие аймағында жасаған шабуылында жараланған бір адам барлық құтқару жұмыстарына  қарамастан бүгін қайтыс болды.

Хабарға қарағанда Израиль күштері бүгін таңертең елдің оңтүстігіне артиллериялық шабуыл жасады.

Шабуылда Таййбе қаласында өртті сөндіруге тырысқан Исламдық денсаулық комитетіне қарасты азаматтық қорғаныс тобының бір мүшесі жарақат алды.

Хабарда Израиль армиясы ұшақтарының түн ортасынан кейін Бинт Жубейл аймағындағы Айтарун қаласында бір үйді нысанаға алғаны және  Шабуыл кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандардың тіркелмегені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар