Ресейде көпқабатты тұрғын үй өртенді: 8 адам қаза тапты

Ресейдің Фрязино қаласында ғимаратта шыққан өрттен 8 адам қаза тапты.

2155566
Ресейде көпқабатты тұрғын үй өртенді: 8 адам қаза тапты

Мәскеу облысындағы Фрязино қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өртте салдарынан 8 адам қаза тапты.

Өрт электронды құрылғылар шығаратын «Платан» ғылыми-зерттеу орталығы ғимаратының 7-қабатында шығып, тез арада басқа қабаттарға тараған.

Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына шығып, құтқару жұмыстарын атқарды.

Өртті сөндіруге 100 қызметкер мен 40 техника жұмылдырылды. Оқиға орынан екі тікұшақ ұшып барды. Құқыққорғау органдарының хабарлауынша, ғимараттың төрт қабаты толығымен жанып кеткен.

Өрттің жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрді құрады. Зардап шеккендердің саны әлі анықталып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар