Дағыстанда 21 адам қаза тапқан

Махачкала мен Дербент қалаларындағы қарулы шабуылдарда қаза тапқандар саны 21-ге жетті.

2155721
Дағыстанда 21 адам қаза тапқан

Ресейдің Дағыстан автономиялық республикасының басшысы Мавсум Рагимов Махачкала мен Дербент қалаларындағы қарулы шабуылдарда қаза тапқандар саны 21-ге жеткенін хабарлады.

Рагимов өзінің «Telegram» каналында 23 маусымда Махачкала мен Дербент қалаларында полиция бөлімшесі, синагога және екі шіркеу нысанаға алынған шабуылдарға қатысты «Бүгін түнде (өткен) түнде тағы бір жас полиция қызметкері өмірден озды. Ол лаңкестікпен күрес барысында жақындарына, еліне қалқан болудан қорықпады. Отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын» деді.

Ресей Ішкі істер министрлігі жексенбі күні Махачкала мен Дербент қалаларында белгісіз қарулы адамдар шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар