Террористтерді тағы да қонақ қылды

Осы оқиғаға байланысты суретті француз депутат Сара Танзилли әлеуметтік желіде жариялады.

1974361
Террористтерді тағы да қонақ қылды

Сепаратистік террорлық ұйым PKK/YPG-ге берген қолдауымен танымал Франция тағы бір жанжалға қолтаңба басты.

Өткен ай террор ұйымы мүшелерін Франция сенатында қонақ қылып,  оларға марапат берудің жаңғырығы сөнбестен француз депутаттары осындай оқиғамен тағы күн тәртіпке келді. Биліктегі Ренесанс партиясының депутаттары PKK/YPG террор ұйымының басшыларын қонақ қылды.

Осы оқиғаға байланысты суретті француз депутат Сара Танзилли әлеуметтік желіде жариялады. Сонымен бірге жиналыс туралы мәлімет берді.

Наурыз айында террор ұйымының мүшелерін сенатта қонақ болып,  оларға медаль тағылған еді.

Оқиғадан кейін Түркиядағы Франция елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оқиға айыпталған еді.

Террорлық ұйым PKK Германияда да еркін жұмыс істейді.  Террор ұйымы 15 сәуір күні Дюссельдорф қаласында акция жүргізуге дайындалып жатыр. Осы акцияға Еуропадағы барлық PKK жақтастары шақырылды.

Террор ұйымының жақтастары өткен ай Германияда түрлі қалаларда түрік консулдықтары алдында акция өткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар