Украинаға тиесілі жеңіл моторлы ұшақ Ресей жеріне құлады

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) мәлімдеме жасады.

1970783
Украинаға тиесілі жеңіл моторлы ұшақ Ресей жеріне құлады

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) елдің Брянск аймағында Украинаға тиесілі жеңіл моторлы бір ұшақтың апатқа ұшырап, ұшқышының тергеуге алынғанын мәлімдеді.

ФСБ-нің орыс «РИА Новости» ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Украинаға тиесілі жеңіл моторлы ұшақтың Ресейдің Украина шекарасындағы Брянск аймағында құлағаны атап көрсетілді.

Оқиғадан кейін ұшқыштың Украинаға қашуға тырысқаны туралы мәліметтер қамтылған мәлімдемеде шекара қауіпсіздік күштерінің ұшқышты ұстап, қамауға алғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар