Финляндияда үкімет отставкасын ұсынды

Үкімет жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетін жалғастырады.

1970965
Финляндияда үкімет отставкасын ұсынды

Финляндия премьер-министрі Санна Марин Финляндия президенті Саули Ниинистёге үкіметінің отставкасын ұсынды.

Финляндия үкіметінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ниинистё Мариннің отставкасын қабылдап, жаңа үкімет құрылғанша ескі үкіметтің уақытша жұмыс істеуін сұрады.

Мәлімдемеде уақытша үкіметтің күнделікті және шұғыл істермен айналысатыны айтылған.

Финляндияда сайлауда консервативті Ұлттық коалиция партиясы 20,8 пайызбен көш бастап тұрса, Нағыз финдер партиясы 20,1 пайыз және Марин басқаратын Социал-демократиялық партия 19,9 пайыз дауыс жинады.

Финляндияда сайлауды жеңіспен аяқтаған партия үкіметті құру басымдығына ие болады. Елді басқару үшін 200 орындық парламентте 100-ден астам депутаттан тұратын коалиция құрылуы керек.

2019 жылғы сайлауды үздік үш орында аяқтаған партиялар сәйкесінше Социал-демократиялық партия, Нағыз фин партиясы және Ұлттық коалиция партиясы болған еді.



Ұқсас жаңалықтар