Байденнің Киевке тосын сапары

АҚШ президенті Украинаға барды.

1948779
Байденнің Киевке тосын сапары

АҚШ президенті Джо Байден Ресеймен соғыс болып жатқан Украина астанасы Киевке тосын сапармен барды.

Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен Байден Киевтегі алғашқы мәлімдемесінде “Әлем Ресейдің Украинаны зорлықпен басып алуының бір жылдығына дайындалып жатқан кезде мен бүгін Киевте президент Зеленскиймен кездесіп, Украинаның демократиясы, егемендігі мен аумақтық тұтастығына адал екенімізді көрсеттім. Бір жыл бұрын (Ресей президенті Владимир) Путин басқыншылықты бастағанда, Украина әлсіз болды және батыс екіге бөлінген болатын. Ресей бізді жеңе аламын деп ойлады, бірақ ол мүлде қателесті” деді.

«Бүгін Киевте  Зеленскиймен және оның командасымен ауқымды кездесу өткіземін. Украина халқын әуе бомбаларынан қорғауға көмектесу үшін артиллериялық оқ-дәріле, броньға қарсы жүйелер және әуе бақылау радарларын қоса алғанда, маңызды жабдықтарды жеткізетімізді білдіремін» деді ол.

Украина президенті Зеленский де «Telegram» парақшасында Байденмен кездесуінің суретін жариялап, «Сіздің сапарыңыз барлық украиндықтарды қолдаудың өте маңызды символы» деген жазба қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар