Ресейде мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда өрт шықты
Ресейдің Иркутск облысындағы мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда өрт шықты.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Иркутск облысындағы Марковский мұнай және табиғи газ кенішіндегі нысанда өрт шыққан.
Бір адам жарақат алған өрт бір гектардан астам аумаққа жайылып, оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді.
Марковский мұнай және табиғи газ кен орны елді мекендерден 2,5 шақырым жерде орналасқан.
Ресейдегі ірі жеке мұнай компанияларының бірі Иркутск мұнай компаниясына тиесілі кен орны 1962 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Путин Қытайға барады
Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.
Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда
Индонезия Ұлттық Апатпен күрес агенттігі елдегі соңғы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.