Венгрия Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігін қолдайды

Виктор Орбан Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігі 2023 жылғы бірінші сессияда мақұлданатынын айтты.

1911059
Венгрия Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігін қолдайды

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болуы үшін қажетті парламенттік мақұлдаудың 2023 жылғы бірінші сессияда алынатынын мәлімдеді.

Орбан Венгрияның екі елдің НАТО-ға мүшелігін қолдайтынын мәлімдеп:

«Венгрия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелігін қолдайды және парламент осы мәселені келесі жылдың бірінші сессиясында күн тәртіпке кіргізеді» деді.

Венгрия Парламентінің 2023 жылғы бірінші сессиясы ақпан айында өтуі жоспарланған.

Венгрия үкіметінің лауазымдылары бұрынғы мәлімдемелерінде Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігі үшін қажетті парламенттік мақұлдау 2022 жылы алынатынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар