Запорожье стансасындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де күн тәртібінде

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырысында атом электр станциясының жағдайын талқылады.

1871750
Запорожье  стансасындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де күн тәртібінде

Украинаның Запорожье атом электр стансасындағы қауіпсіздік мәселесі әлі де күн тәртібінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырысында атом электр станциясының жағдайын талқылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло аймақтағы жағдайды «қауіпті» деп сипаттады.

«Бізге электр станциясы туралы күн сайын алаңдатарлық хабарлар келіп тұр. Бірр апат болуы мүмкін», - деді ол.

ДиКарло атом электр станциясының айналасындағы шабуылдарға байланысты Ресей мен Украинаға да үндеу тастады.

«Барлық әскери қызметкерлер мен техника шығарылып, электр станциясының айналасында қарусыздандырылған аймақ құрылуы керек», - деді ол.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік те зерттеу жүргізу үшін зауытқа топ жіберуге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар