Иштиййе: "Бүкіл халық нысанаға алынып отыр"

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе мәлімдеме жасады.

1864863
Иштиййе: "Бүкіл халық нысанаға алынып отыр"

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе Палестина халқының Израильдің жан-жақты шабуылына ұшырағанын мәлімдеді.

Мұхаммед Иштиййе Рамаллахдағы жұмыс кеңсесінде Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Иштиййе өз сөзінде халықаралық қауымдастықты «қос стандартты» тоқтатуға шақырды.

Израильдің Газаға бағытталған әуе шабуылдары мен Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылдарына назар аударған Иштиййе бұл шабуылдар мен басқындардың алдағы Израиль сайлауында қарсылас партиялар үшін үгіт-насихат құралы екенін білдірді.

Иштиййе «Палестина халқы ауқымды және үздіксіз Израиль шабуылдарына ұшырауда» деді.

Газа секторына бағыттап жыл сайын қайталанған бұл шабуылдың дереу тоқтатылуын» талап еткен Мұхаммед Иштиййе Халықаралық қылмыстық сотына ұсынылған папкаларға Израиль жасаған бұл қылмыстардың да қосылатынын атап көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесін (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі) Палестина халқын қорғау қамтамасыз ету үшін «байыпты және жүзеге асырыла алатын бір шешім қабылдауға» шақырған Иштиййе Палестина әкімшілігі ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің айыптаудан гөрі қозғалуын талап еткендерін білдірді

Палестина премьер-министрі сондай-ақ адам құқықтары, халықаралық дағдарыстар мен қақтығыстармен күресте қолданылған қос стандартты саясаттан зардап шегетіндерін айтты.

Израильдің Газаға бағытталған шабуылы мен Ақса мешітіне басқыны Израиль қоршаудағы Газа секторына 5 тамыз күні басталған шабуылдары әуе мен құрлықтан жалғасуда.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде шабуылдардың үшінші күнінде қаза тапқандар санының 15-і бала 4-і әйел барлығы 44-ке, жараланғандар санының 360-қа өскенін жариялаған болатын. Газа секторынан атылған зымырандардың салдарынан Израиль жағында әзірге зардап шеккен ешкім жоқ.

Газаға шабуылдар жалғасып жатқанда, фанат еврей қоныстанушылар кеше Израиль полициясының сүйемелдеуімен Мағриб қақпасынан топ-тобымен Әл-Ақса мешітіне басып кірген еді.



Ұқсас жаңалықтар