Төтенше жағдайдың мерзімі созылды

Жоба 43 дауысқа қарсы 116 дауыспен қабылданды.

1840490
Төтенше жағдайдың мерзімі созылды

Венгрияда Ресей-Украина соғысына байланысты 24 мамырда жарияланған төтенше жағдай 1 қараша күніне дейін созылды.

Әділет министрі Джудит Варга Ұлттық мәжіліс пен үкіметке заң күшінде жарлық шығару және кейбір заңдарды орындауды кешіктіру өкілеттігін беретін төтенше жағдай жобасын ұсынды. Жоба 43 дауысқа қарсы 116 дауыспен қабылданды.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 24 мамыр күні Ресей мен Украина арасындағы соғыстың еліне бағытталған қаупіне орай жылдам шешім қабылдау мақсатымен «төтенше жағдай» жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар