Сирияда АҚШ базасы маңына шабуыл жасалды

АҚШ күштері зымыран келген жаққа оқ жаудырды.

1834787
Сирияда АҚШ базасы маңына шабуыл жасалды

Сирияның шығысындағы Дейризор провинциясында Америка Құрама Штаттары күштері болған Омер газ орнының маңына зымыран шабуылдары ұйымдастырылды. 

Жергілікті қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда Дейризор провинциясында Иран қолдауындағы шетелдік террорист күштері ойран салған аймақтан таңғы уақыттарда АҚШ күштері болған Омер газ орнының маңына зымыран шабуылдары жасалды. 

АҚШ күштері зымыран келген жаққа оқ жаудырды. 

Евфрат өзенінің шығысындағы Дейризор территориясы АҚШ қолдауындағы бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның жаулауы асқынды. Провинция орталығы және басқа ауылды аймақтар болса Асад режимі және Иранның қолдауындағы топтардың бақылауында. 

 



Ұқсас жаңалықтар