Нед Прайс министр Чавушоғлуның АҚШ сапарын бағалады

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс мәлімдеме жасады.

1814261
Нед Прайс министр Чавушоғлуның АҚШ сапарын бағалады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Вашингтонға сапары барысында Ресей-Украина соғысымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың да жан-жақты талқыланатынын мәлімдеді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс күнделікті баспасөз брифингінде Түркия-Америка қарым-қатынастарындағы кейбір тақырыптар мен министр Чавушоғлуның мамыр айында жүзеге асатын Вашингтон сапарын бағалады.

Нед Прайс Түркияның НАТО-ның маңызды бір одақтасы екенін және соңғы кездері АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен министр Чавушоғлу арасында екі жақты қарым-қатынастар аясында көптеген байланыс жасалғанын атап көрсетті.

Чавушоғлуның сапарына қатысты Прайс «Украинаға қарсы соғысы үшін Ресейдің жауапкер болып есептелуі тақырыбында Түркияның маңызды рөлі бар. Сондықтан бұл жақын арада жүзеге асатын сапар осы процестің маңызды бір факторы болмақ, бірақ сонымен бірге НАТО-дағы екі серіктес ретінде біз түрік тарапымен көп тұсты тақырыптар бойынша ортақ мүдделерге де иеміз» деді.

"Түркияның F-35 бағдарламасына қайта қосылуы мүмкін бе?" деген сұраққа Прайс S-400-ге қатысты алаңдаушылықтарын Анкараға жеткізгендерін және S-400 зымыран жүйесінің F-35 әскери ұшақтарымен үйлесімді емес екені жөнінде жауап қайтарды.

Министр Чавушоғлу АҚШ-пен стратегиялық механизм құрылғаннан кейінгі үдеріспен байланысты «18 мамыр күні әріптесім Энтони Блинкенмен кездесеміз. Мәселелерді шешу және ынтымақтастығымызды арттыру үшін қандай қадамдар басу керекпіз? Бұл механизмнің нәтижеге бағытталғанын қалаймыз. Біз екі тараптың да осыған байланысты қадамдар басатынына сенеміз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар