Киев пен Черниговтағы орыс әскерлері шегінді

Екі аймақтан шегінген жасақтардың әрқайсысы 20 батальон екенін айтқан лауазымды Ресейдің қазір Украина территориясында 80-нен астам батальоны бар екеніне назар аударды.

1808414
Киев пен Черниговтағы орыс әскерлері шегінді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері Украинаның астанасы Киев және Чернигов қаласы маңындағы барлық орыс әскерлерінің шегінгенін жариялады.

Бір топ журналиске Ресей мен Украина соғысына байланысты мәлімет берген Пентагон лауазымдысы:

"Украинаның астанасы Киев және Чернигов қаласы маңындағы орыс әскерлерінің Беларусь пен Ресей территориясында қайтадан жиналу мақсатымен осы екі аймақтан шегінгенін мөлшерлеудеміз" деді.

Екі аймақтан шегінген жасақтардың әрқайсысы 20 батальон екенін айтқан лауазымды Ресейдің қазір Украина территориясында 80-нен астам батальоны бар екеніне назар аударды.

Лауазымды шегінген әскер саны жайлы мәлімет бермегенімен орыстың бір батальонында 800 бен мың арасында әскер бар екенін айтты.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Бас Штаб басшысы генерал Марк Миллидің Өкілдер Мәжілісінде Украина армиясына берілетін қарулар жайлы АҚШ-та білім берілгені мәлімдемесіне тоқталған лауазымды украиналық 12 әскерге білмейтін жүйелер жайлы, әсіресе Switchblade Ұшқышсыз әуе аппараттары және басқа тақырыптарда білім беру орайын тапқандарын, олардың жақында еліне қайтатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар