Қарудың Ресейде қолданылуына қарсы

Ресей аумағындағы нысандарды атқылау үшін батыста жасалған қаруды қолдануға қарсы екенін мәлімдеді.

2144673
Қарудың Ресейде қолданылуына қарсы

Германия канцлері Олаф Шольц Украина Қарулы күштерінің Ресей аумағындағы нысандарды атқылау үшін батыста жасалған қаруды қолдануына қарсы екенін мәлімдеді.

Премьер-министр Шольц әзірге Украинаға берілген неміс қаруын қолдану ауқымын кеңейту үшін ешқандай себеп көрмегенін атап көрсетті және бұл елмен келісілген нақты ережелер бар екенін еске салды.

Шольц Украина Қарулы Күштерінің Ресей аумағындағы нысандарды атқылау үшін батыста жасалған қаруды қолдануына қарсы екенін айтты.

Канцлер Берлиннің Киевке қатысты саясатының мақсаты (Ресеймен 2022 жылдан бері жалғасып келе жатқан) қақтығыстың дүниежүзілік соғысқа айналуына жол бермеу екенін атап көрсетті.

Ресей бұған дейін Киевке қару-жарақ жөнелтілуіне байланысты НАТО елдеріне нота жолдап, одақ елдері «отпен ойнап жатыр» деп мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар