БҰҰ  Газа секторын «жер бетіндегі тозақ» деді

Мәлімдемеде «Газа ссекторы жер бетіндегі тозақ. Өткен түндегі (Рафах) суреттер де осының дәлелі» делінді.

2144757
БҰҰ  Газа секторын «жер бетіндегі тозақ» деді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Израильдің шабуылдары астындағы Газа секторын «жер бетіндегі  тозақ» деп мәлімдеді және кеше Рафахтағы суреттерінің бұның тағы бір рет дәлелі екенін білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігінің (UNRWA)  мәлімдемесінде Израиль армиясының кеше түнде Рафах қаласындағы қоныс аударған палестиналықтардың лагерін бомбалауының қорқынышты болғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Рафахтағы шабуылда әйелдер мен балалар да бар көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарлардың болғаны баяндалып,  «Газа ссекторы жер бетіндегі тозақ. Өткен түндегі (Рафах) суреттер де осының дәлелі» делінді.

Мәлімдемеде Газада қауіпсіз орын қалмағаны, ешкімнің қауіпсіз еместігі және аймақта UNRWA қызметкерлерімен байланыс желісінің жоқ екені атап көрсетілді.

Кеше Израиль Газа секторындағы Рафах қаласында қоныс аударған палестиналықтардың шатырларын бомбаланды. Шабуылда алғашқы белгілеу бойынша  40 палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар