Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасуда

Владимир Зеленский «Қазіргі уақытта 14 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың  туған-туыстарына көңіл айтамын» деді.

2144577
Ресейдің  Украинаға шабуылы жалғасуда

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Харьковтегі дүкенге басқарылатын әуе бомбаларымен соққы беруі салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке, жараланғандар саны 40-тан асқанын хабарлады.

Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде кеше Ресей әуеден бомбалаған дүкенде қоқыстарды шығару жұмыстары жалғасып жатқанын айтып, былай деді: «Қазіргі уақытта 14 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Қайтыс болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өрттен кейін толық ақпарат беру үшін қосымша тергеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қаза тапқандар саны 40-тан асты».

Зеленский көптеген көшбасшылардың, мемлекеттік және халықаралық ұйым өкілдерінің Харьковтегі шабуыл үшін Украинаға көңіл айтып, Ресейдің шабуылдарын айыптағанын атап өтті.

Зеленский «Бұл айыптау әділ салдарға әкелетіні маңызды. Біз де Украина мен қалаларымызды қорғау үшін тиісті әуе қорғаныс жүйелеріне ие боламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар