Үш елдің "AUKUS" келісімі

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралия "AUKUS" келісімі аясында ынтымақтастық жасайды.

1807834
Үш елдің "AUKUS" келісімі

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралия қол қойған "AUKUS" келісімі аясында гипердыбыстық қарулар тақырыбында ынтымақтастық жасайтындарын жариялады. 

Аталмыш елдерден жасалған жазбаша мәлімдемеде АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Австралия премьер-министрі Скотт Моррисонның (үш ел аттарының ағылшын тіліндегі қысқарған түрі) AUKUS келісімі аясында бір қорытынды жиналыс өткізгені білдірілді. 

24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысына тоқталған мәлімдемеде "Ресейдің мағынасыз және заңсыз түрде Украинаны жаулап алуына қарсы адам құқықтары, құқықтың үстемдігі, мәселенің бейбіт жолдармен шешілуі керектігі жөніндегі тәуелділігімізді айқындадық" деген сөздерге орын берілді. 

Мәлімдемеде Австралияның қарулы және ядролық энергиясымен жұмыс істеген сүңгуірлер бағдарламасы үшін үш ел арасында жасалған келісімде басылған қадамдарға риза екені баяндалды. 

Мәлімдемеде "Бүгін гипердыбыстық қарулар және электроникалық соғыс жабдықтары тақырыбында жаңа бір үштік ынтымақтастық бастадық, сондай-ақ қорғаныс инновацияда ынтымақтастығымызды күшейтуге шешім жасадық" деп көрсетілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар