Украинада аудандық прокурор ұсталды

Миколаевте аудандық прокуроры Артиом Дыхтяринка тергеуге алынды.

1807668
Украинада аудандық прокурор ұсталды

Украинаның порт қаласы Миколаевте аудандық прокурор Артиом Дыхтяринка "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен ұсталды.

24 ақпан күнінен бастап Ресейдің Украинаға шабуылдары жалғасып жатқанда, Украинаның Ресей шабуылдарынан ең көп зардап шеккен қалаларының бірі Миколаевте аудандық прокурор "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен ұсталды.

Украина Арнайы барлау қызметінің ұзақ уақыттан бері бақылауында болған прокурордың заңсыз әрекетін айғақтайтын ұялы телефон, компьютер және құрал-жабдықтар тәркіленді.

Прокуратураның жауапқа тарту барысында заңсыз әрекеттерін мойындаған бейне көріністері Украина армиясы тарапынан жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар