Еуропа Одағы мен Қытай арасында саммит өткізіледі

Саммиттің басты күн тәртібі Украинадағы соғысты доғару үшін ынтымақтастық жолдарын іздестіру болмақ.

1805400
Еуропа Одағы мен Қытай арасында саммит өткізіледі

Еуропа Одағы мен Қытай арасында саммит өткізіледі. Саммитте Украинадағы соғыс қолға алынады. 

Еуропа Одағы мен Қытай арасындағы 23-ші саммитте Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз, Мишель Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен,  Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель, Қытай премьер-министрі  Ли Кэцян және Қытай Мемлекет басшысы Си Цзиньпин орын алады. 

Саммиттің басты күн тәртібі Украинадағы соғысты доғару үшін ынтымақтастық жолдарын іздестіру болмақ. Ең үлкен сауда ортағы ретінде Еуропа Одағының бейбітшілікке тікелей қауіп төндірген соғысты доғару үшін Қытайға Ресеймен болған қарым-қатынас жайлы көзқарастарын білдіруі күтілуде. 

Саммитте соғыстың жаһандық экономикаға берген зияндары да талқыланады. Сонымен қатар Қытай мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынаста Еуропа Одағы фирмаларының Қытайда, Қытай фирмаларының Еуропа Одағында ұсынылған орайландан пайдалануы, осылайша сауда тепе-теңдігін сақтау тақырыбы да қолға алынады. 

Лидерлер саммитте екі жақтылы қарым-қатынастарды, климат өзгерісін, биологиялық түрлілік және медицина сынды салалардағы ынтымақтастықты талқылайды. 

Еурора Одағы Еуропа Одағы-Қытай адам құқықтары диалогияның қайтадан басталуы жөнінде де үндеу тастайды. 

Видео конференция әдісімен өткізілетін саммитте ортақ хаттама жарияланады. 

 



Ұқсас жаңалықтар