Байден мен Мартин онлайн сөйлесті

Джо Байден: "Путиннің қатыгездігі мен әскерлерінің Украинада жасағандары адамгершілікке жат әрекет" деді.

1797544
Байден мен Мартин онлайн сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының Президенті (АҚШ) Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің қатыгездігі мен әскерлерінің Украинада жасағандарының "адамгершілікке жат" екенін айтты.

Джо Байден Ирландияның премьер-министрі Майкл Мартинмен Ақ Үйде онлайн режимінде өткізген сұхбаты алдында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Бүкіл әлем ынтымақтастыққа мұқтаж болып отырған бір кезеңде сұхбаттасқандарын айтқан Байден:

"Путиннің қатыгездігі мен әскерлерінің Украинада жасағандары адамгершілікке жат әрекет" деді.

Джо Байден Ирландияның әлемдік сахнадағы орны ерекше екеніне назар аударып, Ирландияның Путин әкімшілігіне жасаған санкциялары да маңызды екенін айтты.

Джо Байден сұхбатында Майкл Мартинді және ирландиялықтарды ұлттық мерекесі Әулие Патрик күнімен де құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар