Нигерияда 7 студент қаза тапты

Нигериядағы музыкалық студияда 7 университет студенті генератордың түтінінен уланып қайтыс болды.

2143128
Нигерияда 7 студент қаза тапты

НигерияныңБайелса уәлаятында музыкалық студияда қалған университет студенттері  генератор түтініне ұшыраған.

Түтін жұтқандардың 7-уі көз жұмды, кейбірі ауруханаға түсті.

Облыстық полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады.

Мұнайға бай Нигерияның көптеген аймақтарында электр қуатын өндіруде қиындықтар жиі болып тұрады.

Тәулігіне орта есеппен 4 сағат электр қуатын ала алатын адамдардың көпшілігі энергияға деген қажеттіліктерін генераторлармен қамтамасыз етеді.



Ұқсас жаңалықтар