Израиль айт мерекесінде де Газада қырғын жасауын тоқтатқан жоқ

Израильдің Газа қаласындағы Шейх Ридван төңірегіне жасалған шабуылда бір отбасынан 6 адам қаза тапты.

2154077
Израиль айт мерекесінде де Газада қырғын жасауын тоқтатқан жоқ

7 қазаннан бері 37 мың 300-ден астам палестиналықты өлтірген Израиль күштері Газаға тағы да бомба тастады.

Израильдің Газа қаласындағы Шейх Ридван төңірегіне жасалған шабуылда бір отбасынан 6 адам қаза тапты.

Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалардың бар екені хабарланды.

Израиль күштері Рафахтың солтүстік-батысында қоныс аударған палестиналықтардың шатырларын да бомбалады.

Шабуылдардан кейін шатырларда өрт шықты.

Бомбылау кесірінен  кем дегенде 7 палестиналық қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Израильдің Хан Юнус қаласы мен Нусейрат босқындар лагеріне де шабуыл жасағаны хабарланды.

Газадағы қираулардың көлемі артып келеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы Израильдің Газаға жасаған шабуылдарының қоршаған ортаға әсері туралы рапортын жариялады.

Рапортта  шабуылдардың қоршаған ортаға әсері «бұрын-соңды болмаған ауқымда» деп сипатталды.

Израильдің тұрғын аудандарға жасаған шабуылдары 39 миллион тонна қоқыс тастағаны хабарланды.

Бұл көлемнің Газаның әр шаршы метріне 107 келі қоқыспен сәйкес келетіні баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар