Босқын саны 2 миллион 155 мың 271-ге жетті

Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны 2 миллион 155 мың 271-ге жетті.

1792643
Босқын саны 2 миллион 155 мың 271-ге жетті

БҰҰ 2 миллион 155 мың 271 босқынның Украинадан көрші елдерге өткенін мәлімдеді.

Ресей-Украина соғысы салдарынан 2 миллион 155 мың 271 босқын Украинадан көрші елдерге өтті.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты (БҰҰ БЖКБ) Украинадағы босқын дағдарысы туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бөлісті.

Бұған қарағанда 24 ақпан мен 8 наурыз күндері аралығында  2 миллион 155 мың 271 босқын  Украинадан көрші елдерге өткен. 

Польшаға 1 миллион 294 мың 903, Венгрияға 203 мың 222, Словакияға 153 мың 303, Румынияға 85 мың 444, Ресейге 99 мың 300, Молдоваға 82 мың 762, Белоруссияға және басқа да Еуропа елдеріне 83 мың 688 босқын өткен.

БҰҰ БЖКБ бұл көрсеткіштерге қосымша 18-23 ақпан күндері аралығында Донецк және Луганск аймақтарынан Ресейге 96 мың адамның өткенін хабарлады.

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі комиссариаты Украинадағы жағдай одан әрі шиеленіскен жағдайда, 4 миллионға жуық бейбіт тұрғынның елден шығып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуыл бастаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар