Йенс Столтенберг Қытайға ескерту жасады

Столтенберг Украинадағы соғыс қауіпсіздіктің аймақтық емес, жаһандық мәселе екенін көрсетіп, Қытайдың Ресейді қолдағанын көрсетті.

2153942
Йенс Столтенберг Қытайға ескерту жасады

НАТО  Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Қытай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең үлкен қақтығысты өршітіп отыр» деді. Столтенберг НАТО одақтастары қажет болған жағдайда Қытайды экономикалық жақтан  шығынға ұшыратуға дайын болуы керек деді.

Столтенберг Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонға ресми сапары аясында «Wilson Center» сараптама орталығында баяндама жасады.

Столтенберг Украинадағы соғыс қауіпсіздіктің аймақтық емес, жаһандық мәселе екенін көрсетіп, Қытайдың Ресейді қолдағанын көрсетті.

«Қытай Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен қақтығысты өршітіп отыр» деген  Столтенберг Пекиннің сонымен қатар  батыспен жақсы қарым-қатынасты сақтауға тырысатынын да айтты.

«Қытай екеуін бірге жүргзуін  мүмкін емес» деген Столтенберг  бұл елдің Солтүстік Корея және Иранмен де тығыз қарым-қатынаста екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар