Үндістанда пойыз апатынан 13 адам қаза тапты

Үндістанда теміржол апаты 13 адамның өмірін жалмады.

2153797
Үндістанда пойыз апатынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның шығысында тауар тасымалдайтын пойыз бен жолаушылар пойызы соқтығысты

Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 13 адам көз жұмып, тағы 60 шақты адам жарақат алған.

Соңғы деректер бойынша, қайтыс болғандар арасында тауар тасымалдайтын пойыздың екі машинисі мен жолаушылар пойызының күзетшісі бар.

Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, соқтығысқа пойыздардың жүру кестесінің өзгеруі себеп болуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар