Жаңа Зеландия Газаға гуманитарлық көмек беруде

Жаңа Зеландия бұған дейін Газада атысты дереу тоқтатуға шақырған болатын.

2153692
Жаңа Зеландия Газаға гуманитарлық көмек беруде

Жаңа Зеландия Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы  мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) қосымша 5 миллион долларлық қолдау көрсететінін жариялады.

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Уинстон Петерс әлеуметтік желідегі парақшасында Газадағы гуманитарлық жағдайдың апатты екенін айтып, былай деді: «Жаңа Зеландия Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен ЮНИСЕФ-ке азық-түлік, санитарлық тазалық және денсаулық сақтау үшін қосымша 5 миллион доллар бөледі. Бұл Жаңа Зеландияның аймаққа гуманитарлық көмегін 22 миллион долларға жеткізеді».

Жаңа Зеландия бұған дейін Газада атысты дереу тоқтатуға шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар