Жапонияда төтенше жағдай ұзарды

Жапония премьер-министрі Кишида Фумио баспасөз жиналысында Ковид-19 індетіне қарсы атқарылған жартылай төтенше жағдайдың ұзарғанын жариялады.

1777877
Жапонияда төтенше жағдай ұзарды

Жапония үкіметі жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте атқарған жартылай төтенше жағдайды 13 уәлаятта 6 наурызға дейін ұзартуға шешім қабылдады.

Жапония премьер-министрі Кишида Фумио баспасөз жиналысында Ковид-19 індетіне қарсы атқарылған жартылай төтенше жағдайдың ұзарғанын жариялады. 

Шешімді  үкіметке қарасты Ковид-19 Ақылдастар делегациясының ұсынысымен жасағандарын айтқан Кишида Фумио жартылай төтенше жағдайдың "Белгілі бір өреге дейін пайдалы болғанын" білдірді.

Жапония премьер-министрі Кишида Фумио барған сайын артып отырған оқиға санының "сенімді болудан әлі алыс" екенін, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралардың үзіліске ұшырауы мүмкіндігін айтты.

Жаңа шешіммен үш апта ұзарған жартылай төтенше жағдай астана Токионы қамтыған 13 уәлаятта 6 наурызға дейін жалғасады.

Жартылай төтенше жағдай уәлаят әкімдеріне мейрамханалардың жұмыс сағаттарын қысқарту, арақ сатуды шектеу және халықтан уәлаят сыртына саяхат жасамау талаптарын қою билігін береді.



Ұқсас жаңалықтар