Қасиетті мекендерде әлеуметтік қашықтық сақталатын болды

Сауд Арабиясы осындай шешім қабылдады.

1754620
Қасиетті мекендерде әлеуметтік қашықтық сақталатын болды

Сауд Арабиясы коронавирус шаралары шеңберінде әл-Харам мешіті мен Набави мешітінде бүгіннен бастап әлеуметтік қашықтықты қайтадан сақтауды міндетті қылатынын білдірді.

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігі коронавирус оқиғаларының артуына орай қасиетті мекендерде  шектеме шараларының қайта келтірілгенін хабарлады.

Шешімге байланысты бүгіннен бастап әл-Харам мешіті мен Набави мешітінде әлеуметтік қашықтық сақталады.

Сауд Арабиясы 15 қазан күні ковид-19 шектемелерін жеңілдету шеңберінде осы екі мешіттің толық әлеуетімен ғибадатқа ашылуына шешім берген болатын.

Елде қазірге дейін 8 мың 874 адам коронавирустан қайтыс болып,  554 мың 665 адамға вирус жұқты.



Ұқсас жаңалықтар