Пәкістан премьер-министрі Ауғанстан жайлы мәлімдеме жасады

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан АҚШ-тың ерте немесе кеш Ауғанстандағы Талибан әкімшілігін тануға мәжбүр екенін айтты.

1713917
Пәкістан премьер-министрі Ауғанстан жайлы мәлімдеме жасады

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Америка Құрама Штаттарының ерте немесе кеш Ауғанстандағы Талибан әкімшілігін тануға мәжбүр екенін айтты.

Премьер-министр Хан TRT World-қа берген сұхбатында Пәкістанның жалғыз өзінің Талибанды тануының ешқандай бір ықпалының болмайтынын, алдымен АҚШ, Қытай және Ресейдің тануы керектігін білдірді.

Негізінен шетелге бағынышты Ауғанстан үкіметіне жәрдем берілуі тақырыбында халықаралық ұйымға үндеу тастаған Хан "Халықаралық ұйым Ауғанстан халқына жәрдем бермейтін болса, онда мемлекетте гуманитарлық дағдарыс туылады" деген сөздер қолданды.

Премьер-министр Хан  Талибанның ел билігін тапсырып алғаннан кейін АҚШ-тың миының айналып қалғанын баяндап, назарларды басқа жаққа аудару үшін қылмыскер іздегендерін жеткізді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар