Малиде 3 күндік аза тұту жарияланды

Малидің уақытша президенті Ассими Гаита мәлімдеме жасады.

1688720
Малиде 3 күндік аза тұту жарияланды

Малидің солтүстігіндегі 4 ауылға 8 тамыз күні бір мезгілде жасалған және 50-ден астам адам қаза тапқан шабуылдар себепті елде үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Өтпелі кезеңнің президенті Ассими Гаита Твиттерден жасаған мәлімдемесінде шабуылдарға қайғырғанын және қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Мали армиясының шабуылдың жауапкерлерін залалсыздандыру үшін аймақта операция бастағанын мәлімдеген Гаита террормен күресте Мали халқының терроризммен күресте бұрынғыдан да батылдық танытуы керектігін баса айтты.

Гаита шабуылдарда қаза тапқандарды еске алу үшін 72 сағаттық ұлттық аза тұту жарияланғанын хабарлады.

Малидегі Ансонго аймағындағы Уатагоуна ауданындағы 4 ауылға лаңкестік топтар шабуыл жасап, ондаған адамды өлтірген және көптеген адамды жаралаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар