Израиль Газа секторына шабуылдады

Израиль палестиналық топтарға тиесілі бекіністерді зымыранмен нысанаға алды.

1659030
Израиль Газа секторына шабуылдады

Израиль әскери ұшақтары Газа секторындағы палестиналық көтерілісшіл топтарға  тиесілі екі бекініске әуе шабуылы жасады.

Израиль ұшақтары Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласының шығысындағы Муин аймағында палестиналық көтерілісшіл топтарға тиесілі бекіністерді зымыранмен нысанаға алды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуылда жарақат алғандар туралы мәлімдеме жасамады.

Израиль армиясы әуе шабуылын Газа секторынан Израиль жеріне ұшырылған өрт шарларына қарсы жауап ретінде жасалғанын атап көрсетті. Израиль армиясы 21 мамыр күні жарияланған атысты тоқтату режимінен бері Газа секторына алғаш рет шабуылдады.

Израиль оккупациялаған Газа секторына 10 мамыр күні басталған шабуылдар Хамаспен жасалған атысты тоқтату режимі іске қосылған 21 мамыр күні аяқталған болатын. Израильдің Газа секторына шабуылдарында қазірге дейін 66 бала, 39 әйел, барлығы 254 палестиналық қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар