Америкада министрдің көмекшісі түрік болады

Йеллен Қазына министрлігінің көмекші міндетіне Дидем Нишанджыны тағайындайды

1562307
Америкада министрдің көмекшісі түрік болады

Америка Құрама Штаттарының президенттігіне сайланған Джо Байденнің үкіметінде Қазына министрі болатыны хабарланған Джанет Йелленнің көмекшісінің түрік текті Дидем Нишанджы болатыны білдірілді.

Bloomberg-тің білдіргеніне қарағанда, Йеллен Қазына министрлігінің көмекші міндетіне Дидем Нишанджыны тағайындайды. Медиа органы түрік текті Нишанджының міндет ұсынысын қабылдағанын хабарлады.

Дидем Нишанджы бұрын да АҚШ президенті Барак Обама кезінде АҚШ Жылжымалы құндылықтар және биржа комитетінде көмекші міндетін атқарды, 2018 жылы Bloomberg-ке өтпей тұрып Promontory Finansal Grup компаниясында жұмыс істеген болатын. АҚШ Сенатының банк комитетінде де міндет атқарған Нишанджы 1998-2001 жылдар арасында Қазына министрлігінде істеді.

АҚШ президенттік міндетіне сайланған Джо Байден қараша айында Джанет Йелленнің Қазына министрлігіне кандидат екенін хабарлаған еді. Джанет Йеллен Сенатта бекітілген жағдайда ел тарихында осы міндетке келген тұңғыш әйел болады.



Ұқсас жаңалықтар