Вирус жұқтырған адам саны артып келеді

Жапонияда үшінші толқын туралы айтуда.

1526365
Вирус жұқтырған адам саны артып келеді

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны бір миллион 289 мыңнан асты.  Вирус жұқтыру оқиғасы 52 миллион 441 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны болса 36 миллион 677 мың болды.

Үндістанда ковид-19-дан қайтыс болғандардың саны 128 мың 165-ке, вирус жұқтырған адам саны да 8 миллион 684-ке жетті.

Иранда вирустан қайтыс болғандардың саны 39 мың 664-тен,  вирус жұқтырған адам саны болса 715 мың 68-ге жетті.

Ресейде вирустан 31 мың 593 адам қайтыс болды.  Тағы 19 мың 851 адам вирус жұқтырып,  инфекцияға шалдыққа адам саны 836 мың 960 болды.

Жапонияда коронавирус себебімен мың 876 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырған адам саны 112 мың 880-ге көтерілді.  Жапония Медицина федерациясы төрағасы Накагава Тошио «Ел көлемінде вирус жұқтыру оқиғасы жылдам артқан өткен айдан бері Хоккаидоны да қосқанда барлық жерде вирус жұқтыру артып келеді. Үшінші толқын деп есептеуге болады» деді.

Африка құрлығында вирустан қайтыс болғандардың саны жалпы 332 артып,  46 мың 357-ге жетті.  Құрлықта соңғы 24 сағатта 14 мың 163 адам вирус жұқтырды. Жалпы вирус жұқтырғандар саны бір миллион 930 мың 482 болды. Коронавирустан ең көп адам өлімі 20 мың 11 өліммен Оңтүстік Африкада тіркелді.  Мысырда 6 мың 405, Мароккода болса 4 мың 506 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар