Дейризорда 27 террорист өлтірілді

Дейризорда Башар Асад режиміне қатысқан Иран қолдауындағы топтарға шабуылдарда 27 террорист өлтірілді.

1484398
Дейризорда 27 террорист өлтірілді

Сирияның шығысындағы Дейризор уәлаятында Башар Асад режиміне қатысқан Иран қолдауындағы шетелдік террористік топтарға қарасты базаларға белгісіз әскери ұшақтар тарапынан ұйымдастырылған шабуылдарда 27 террорист өлтірілді.

Хабарларда шабуылда Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясының Әлбукемал ауданы қолбасшысы ретінде танылған Хажы Аскердің өлгені пайымдалды. 

Әуе шабуылын әлі ешкім мойнына алған жоқ.

3 тамыз бен 11 тамызда да Дейризордың Маядин және Әлбукемал аудандарындағы Иран қолдауындағы топтарға қарасты базалар белгісіз әскери ұшақтармен бомбаланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар