"Вашингтонның жаңа әкімшілігі есеп беру керек"

Иран Сыртқы істер министрі Жерорта теңізі келіссөз жиналысында сөйлесті.

1450517
"Вашингтонның жаңа әкімшілігі есеп беру керек"

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Дональд Трамптан кейін қызметке келетін әкімшіліктің АҚШ еліне жасаған қысымдар үшін есеп беру керектігін атап көрсетті.

Иран Сыртқы істер министрлігі және Италия Сыртқы саясат зерттеулері орталығы ынтымақтастығымен видео конференция арқылы ұйымдастырылған Жерорта теңізі келіссөз жиналысында (MED2020) сөз алған Зариф ядролық келісіммен байланысты мәлімдеме жасады.

АҚШ-та қараша айында өткізілуі жоспарланған президенттік сайлауда кімнің жеңіске жететінің маңызды екенін және өздері үшін маңыздысының Иранға қарсы ұстанымның өзгеруі екенін атап көрсеткен Зариф «Вашингтонның жаңа әкімшілігі өзінен бұрынғы үкіметтің қадамдарына жауапты болады, АҚШ-тың Иранға жасағандары үшін есеп беруі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар